$ 511.77  593.19  6.41

Бишімбаевқа кешірім берілетін болған ба? – заңгер жауап берді

Заң күшіне енгенге дейін жасалған ұсақ және орташа ауырлықтағы істер қысқартылуы мүмкін.

Фото: Жоғарғы сот
Фото: Жоғарғы сот

Мәжіліс Конституцияның 30 жылдығына орай әзірленген амнистия туралы заң жобасын мақұлдады. Алайда құжат барлық сотталғандарға бірдей жеңілдік қарастырмайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Депутат Абзал Құспанның айтуынша, бұл заң аясында бірқатар ауыр қылмыс үшін жазасын өтеп жатқан азаматтар рақымшылыққа ілікпейді. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, азаптау фактілері бойынша сотталғандар, сондай-ақ қылмысын қайталағандар мен ұйымдасқан топтардың мүшелері амнистиядан тыс қалады. Бұл тізімге бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалар — Кәрім Мәсімов пен Қуандық Бишімбаев та кіреді.

Жаңа заң бойынша бостандыққа шығатындар қатарында:
– қылмыстық құқықбұзушылық пен онша ауыр емес қылмыс жасағандар;
– орташа ауыр қылмысы үшін сотталған, бірақ келтірілген зиянды өтегендер немесе зардап шеккендерге шығын келтірмегендер;
– әлеуметтік тұрғыдан осал топ өкілдері, залалдың бар-жоғына қарамастан, орташа ауыр қылмыс жасағандар бар.

Заң күшіне енгенге дейін жасалған ұсақ және орташа ауырлықтағы істер қысқартылуы мүмкін. Ал ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға тағайындалған жаза мерзімі қысқарады.

Жалпы амнистия шамамен 15 мың адамды қамтиды. Оның ішінде 6 мыңы – түзеу мекемесінде отырғандар, 9 мыңы – пробациялық бақылаудағылар. Бұл өзгеріс бюджет қаржысын үнемдеуге де әсер етеді. Есепке сәйкес, мемлекет күніне 22,5 миллион теңге, ал жылына 5 миллиард теңгеге жуық қаражатты үнемдей алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 3

Серіктес жаңалықтары