Облыстық Экология департаментінің мамандары оқиғаның қоршаған ортаға зардабын анықтау үшін сынамалар алды.
Жаңаөзен қаласының маңындағы мұнай ұңғымасында апат орын орын алды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаменті хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Маңғыстауда Теңге ауылынан 500 метр жерде мұнай ұңғымасынан мұнай-газ атқылап, тағы да атмосфералық ауа ластанды. Төтенше жағдай таңертең сағат 08:30 шамасында "Petro Мұнай-Газсервис" серіктестігіне тиісті №553 ұңғыманы бұрғылау кезінде болған. Мекеме тарапынан тиісті жұмыстар жүргізіліп, төтенше жағдай оқшауланған.
Облыстық Экология департаментінің мамандары оқиғаның қоршаған ортаға зардабын анықтау үшін сынамалар алды.