$ 511.77  593.19  6.41

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа-райы күрт бұзылады

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің шығысында ғана антициклон әсерінен сақталады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанда алдағы бейсенбіде, 2025 жылғы 12 маусымда ауа райының күрт бұзылады деп күтіледі: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Ал кейбір аймақтарда аптап ыстық болатыны болжанады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы тек еліміздің шығысында ғана антициклон әсерінен сақталады.

"Республикамыздың басым бөлігіне оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр болады, солтүстік-батыста, орталықта бұршақ түседі. Республикамыз бойынша желдің күшейетіні күтіледі, еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік-батыста түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында, БҚО-да, Атырау облысында +35...+38°С қатты ыстық болады деп күтіледі", деп болжанады. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 7
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары