Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.
Бұл туралы полиция департаменті хабарлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Toyota автокөлігінің жүргізушісі Республика даңғылы бойымен келе жатып, оңға бұрылған кезде маневрдің қауіпсіз екеніне көз жеткізбей, Iveco маркалы маршруттық автобуспен соқтығысқан", – деп мәлімдеді Астана қаласы ПД.
Жол апаты салдарынан автобустың екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін олар үйлеріне жіберілді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізілуде.