$ 511.92  588.91  6.44

230 жолаушысы бар ұшақ апатқа ұшырады (ВИДЕО)

Апат жайлы ақпаратты ABP жаңалықтар порталы таратты.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Үндістанда Air India әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы indiatimes.com-ға сілтеме жасап.

Апат жайлы ақпаратты ABP жаңалықтар порталы таратты. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ Лондонға бет алған. Алайда әуеге көтерілген сәтте Гуджарат штатындағы Ахмедабад қаласының тұрғын үйлер орналасқан ауданында құлаған.

Ұшақ бортында 233 адам болғаны айтылуда. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы нақты ақпарат анықталып жатыр.

Оқиға орнынан тараған бейнежазбаларда қою түтіннің будақтап жатқанын көруге болады.

Жергілікті билік пен құтқару қызметтері апат салдарын жоюға кірісті.

Тергеу амалдары басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары