$ 511.92  588.91  6.44

Тоқаев Үндістан Премьер-министріне көңіл айтты

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апттан 100-ден аса адам қаза тапқан.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Үндістан премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Ахмедабад қаласы әуежайының маңында болған жолаушылар ұшағы апатынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, апттан 100-ден аса адам қаза тапқан.

Қазақстан президенті әуе апатынан қайтыс болған азаматтардың отбасылары мен жақындарын сабырға шақырып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары