17.06.2025, 16:00

Автобус апатынан аяғынан айырылған қыз ауруханадан шығарылды

Фото: желіден алынды

Вице-министрдің айтуынша, қыз бала әрі қарайғы оңалту емін Ақмола облысының Егіндікөл ауданында өтеді. 

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов мәлімдеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған қыз бала емдеу мекемесінен шығарылды. 

"Қазіргі таңда бала стационардан шығарылды. Қажетті медициналық көмектің бәрі толық көлемде көрсетілді. Алайда, өкінішке қарай, өмірін сақтап қалу үшін екі аяғын ампутациялауға тура келді", – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, қыз бала әрі қарайғы оңалту емін Ақмола облысының Егіндікөл ауданында өтеді. Себебі ол сол өңірде тіркелген.

"Қазір емхана оның жағдайына қарай арнайы оңалту бағдарламасын әзірлеп жатыр", – деп толықтырды Тимур Мұратов.