$ 519.55  596.03  6.63

«Үш жылда нәтиже жоқ!» – Депутат министрдің экологияға бейқамдығын әшкереледі

Мына Экология және табиғи ресурстар министрінің жауабына қанағаттанбадым.

Фото: Мәжіліс
Фото: Мәжіліс

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ірі кәсіпорындардың экологиялық талаптарды орындауға асықпай жатқанын мойындады. Оның айтуынша, елдегі топ-50 ластаушы компанияның тек жетеуі ғана кешенді экологиялық рұқсат алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Иә, топ 50 ластаушылар 2025 жылдан кешенді экологиялық рұқсат негізінде жұмыс жасау керек болған. Бүгінге кешенді экологиялық рұқсатқа өткен компания саны бар жоғы 7. Оның үшеуі осы 2024 жылдың аяғында алды. Қалғандары оның алдында көшкен”, – деді министр Мәжілісте.

Алайда бұл жауап депутат Нұргүл Тауды қанағаттандырмады. Ол министрдің әрекетінен нақты жоспар байқалмайтынын атап өтті.

“Мына Экология және табиғи ресурстар министрінің жауабына қанағаттанбадым. Бар жоғы 7 алғансыз ғой. 50-дің ішінде. Мұна қашан істейсіздер? Қашан жоспарлайсыздар? 50-ге дейін қашан бітіресіздер?” – деді депутат.

Министр кәсіпорындардың жаңа технологияға қаржы құюдан жалтарып жүргенін ашық айтты.

“Өткен жылы жыл бойы шын мәнінде біз бағанағы ластаушылармен әр тобымен жұмыс жүргіздік. Өкінішке орай мен өзім шындықты айтайын. Олар әзірше үш жылда қаражат жаңа технологияға қаражат жұмсағанша оларға екі есе төлеу оларға тиімді болып тұрған секілді. Сол себепті біз әлде де жұиыс жүргізіп жатырмыз. Осы әзірдің өзінде төрт компания материалдарын жүргізіп жатыр. Біз бұл жұмысты тоқтатпаймыз. Өкінішке орай енді оларды басқа сабаймыз ба? Заңда қарастырылған жолы бар. Біз оларды мәжбүрлейміз”, – деді Ерлан Нысанбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары