$ 519.55  596.03  6.63

Алматы облысында өртке байланысты көлік қозғалысы шектелді

Төтенше жағдайға байланысты аталған бағытта қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматы облысының Жамбыл ауданында өрт салдарынан көлік қозғалысына шектеу қойылды. Ұзынағаш ауылының іргесіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс тұтанып, айналаны түтін басқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдайға байланысты аталған бағытта қозғалыс уақытша тоқтатылды. Құтқару қызметі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын жүргізіп жатыр.

Жол қозғалысы 19 маусым күні сағат 23:00-де қайта ашылады деп күтілуде.

Мамандар жүргізушілерге аталған бағытта сапарға шықпауға кеңес беріп отыр. Ресми ақпарат тарағанға дейін балама жолдарды таңдаған жөн.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары