20.06.2025, 13:00

Алматыда автобус ғимаратқа соғылды (ВИДЕО)

Фото: әлеуметтік желі

Автобустың не себепті ғимаратқа соғылғаны әзірге белгісіз. 

Алматыда ірі жол апаты тіркелді. 20 маусым күні Жандосов пен Яссауи көшелерінің қиылысында жолаушылар автобусы басқарудан шығып, ғимаратқа соғылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде автобуста жолаушылар болған. Абырой болғанда, алдын ала мәлімет бойынша, адам өлімі тіркелген жоқ. Дегенмен, бірнеше адам жарақат алған болуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Қазір оқиға орнында полиция мен төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр.

Автобустың не себепті ғимаратқа соғылғаны әзірге белгісіз. Сарапшылар техникалық ақау немесе жүргізушінің денсаулығы нашарлап кетуі мүмкін деген нұсқаларды қарастыруда.