$ 521.57  601.01  6.65

«Ата-анасы қайда қараған?»: Ақтөбеде жүргізушілер жолға шығып кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде Некрасов көшесіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ақтөбеде ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз көліктер жиі жүріп жатқан тас жолға шығып кетті. Жүргізушілер баланың жол ортасында жүргенін көрген жүргізушілер көліктен жүгіріп шығып, аман алып қалды, деп хабайрлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде Некрасов көшесіне орнатылған бейнебақылау камерасына түсірілген видео тарады. Екі жастан асқан кішкентай қыз жалғыз өзі көліктер жиі жүріп жатқан жолға шығып кеткен. 

Видеодан баланың жолға қарай жақындап, көліктер жоғары жылдамдықпен жүріп жатқан жолға шығып кеткенін көруге болады. Жүргізушілер жедел тоқтап, оын көтеріп, жолдың жиегіне шығарып тастады.

Желіде таған видеодан бүлдіршіннің жолға екі рет шығып кеткенін анық көруге болады. Абырой болғанда, бала аман-есен. Полиция қазір бүлдіршіннің жеке басын анықтап, ата-анасын іздестіріп жатыр.

“Оқиға тіркелді, қазір ол полицияның бақылауында. Ешкім зардап шеккен жоқ. Дегенмен бұл жағдай қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Балаға дер кезінде көмектесіп, бейжай қарамаған жүргізушілерге алғысымызды білдіреміз. Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне балалардың өмірі мен денсаулығы үшін тікелей жауапты екендерін еске саламыз. Кішкентай балалар ересектердің тұрақты бақылауында болуы тиіс, әсіресе жол маңында, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Баланың ата-анасы немесе қамқоршыларының жеке басы әзірге анықталған жоқ. Олар табылғаннан кейін, олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Полиция қызметкерлері баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерге салғырт қарағаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары