Компания өкілдері бұл жайтты растады.
Желіде Bi Group компаниясына тиесілі жаңа жекеменшік балабақша тәрбиешісінің балаларды жұлқылап жатқан сәтінен видео жарияланды. Компания өкілдері тәрбиеші жұмыстан босатылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ата-аналар Астанадағы олигарх Айдын Рахымбаевтың компаниясына тиесілі Aldi BI жеке балабақшасына шағымдануда. Олардың айтуынша, балабақшада балаларға күш қолдану фактілері жиілеген.
Тәрбиешінің балаларды жұлқылап жатқаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Компания өкілдері бұл жайтты растады.
"Тәрбиеші балаларға қатысты жол беруге болмайтын әрекетке барды. Біз мұны кәсіби этика мен мінез-құлық стандарттарын өрескел бұзу деп санаймыз. Қызметкер тиісті бап бойынша бірден жұмыстан шығарылды", – деп мәлімдеді компания өкілдері.