$ 521.57  601.01  6.65

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Алматыда күн ыстық болады.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

«Қазгидромет» мамандары 22–24 маусым аралығына арналған Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Астанада найзағай мен нөсер болады

  • 22 маусым – күн бұлтты, күндіз жауын-шашын, найзағай, бұршақ пен шквал күтіледі. Жел – батыстан, оңтүстік-батыстан, екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін. Температура: түнде +16…+18°C, күндіз +25…+27°C.
  • 23 маусым – бұлтты, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай мен бұршақ болуы ықтимал. Жел бағыты – оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, 15–20 м/с дейін. Температура: түнде +15…+17°C, күндіз +19…+21°C.
  •  24 маусым – бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін. Жел – солтүстік-батыс бағытта, 9–14 м/с. Температура: түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.

Алматыда күн ыстық болады

  • 22 маусым – бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – оңтүстік-шығыстан, 3–8 м/с. Температура: түнде +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.
  • 23 маусым – күн ашық, жауын жоқ. Жел – шығыстан, оңтүстік-шығыстан, 5–10 м/с. Температура: түнде +20…+22°C, күндіз +32…+34°C.
  • 24 маусым – ыстық ауа райы сақталады, жауын-шашынсыз. Температура күндіз +34…+36°C дейін көтеріледі.

Шымкентте аптап ыстық болады

  • 22 маусым – жауын-шашынсыз, бұлтты. Жел – солтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура: түнде +18…+20°C, күндіз +35…+37°C.
  • 23 маусым – аптап ыстық жалғасады. Жел – шығыс және оңтүстік-шығыстан, 8–13 м/с. Температура: түнде +21…+23°C, күндіз +35…+37°C.
  • 24 маусым – ыстық күшейеді, жауын-шашын жоқ. Температура: күндіз +37…+39°C дейін жетеді. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары