Израильден 66 отандасымыз шығарылып, алдымен Египет шекарасына жеткізілді. Содан кейін арнайы ұшақпен Каирдан Қазақстанға жол тартты.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың мәліметінше, қазіргі уақытта Иранда шамамен 50 қазақстандық, ал Израильде – шамамен 170 азамат қалып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ираннан жалпы 230 адам эвакуацияланды. Бұл операция оңайға соқпады: қазақстандықтарды үш мемлекет — Әзербайжан, Армения және Түрікменстан арқылы алып шыққан. Түнгі уақытта, күрделі серпантин жолдармен, түрлі кедергілерге қарамастан эвакуация жүзеге асқан. Кейбір азаматтар автобуста тіпті 17 сағат бойы отырған кездер болған.
Израильден 66 отандасымыз шығарылып, алдымен Египет шекарасына жеткізілді. Содан кейін арнайы ұшақпен Каирдан Қазақстанға жол тартты.
«Бізден кейде сұрайды қашан елшілік қызметкерлері эвакуацияланады?’ Менің жауабым: егер дипломаттарды алып кетсек, қалған азаматтарға көмектесе алмасы анық. Сондықтан елшілік қызметкерлері өз орнында қалып, жұмыстарын жалғастырып жатыр», — деді Айбек Смадияров.
Израильде қалған 170 қазақстандық өз еркімен елден шыға алады. Дегенмен, елшілікке жүгінген жағдайда оларға міндетті түрде көмек көрсетіледі.