Құтқарушылардың мәліметінше, екеуі суға кеткен жасөспірімді құтқармақ болған.
Шығыс Қазақстан облысында суға шомылуға тыйым салынған жерде қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қара Ертіс өзенінен үш адамның мүрдесі табылды. Құтқарушылардың мәліметінше, екеуі суға кеткен жасөспірімді құтқармақ болған.
Төтенше жағдай 2025 жылдың 21 маусымында Катонқарағай ауданына қарасты Боран ауылынан шамамен бес шақырым жерде болған. 2007 жылы туған жасөспірім шомылуға арналмаған аумақта суға батып кеткен. Оны құтқаруға 1991 және 1992 жылы туған екі азамат асыға жеткенімен, ағысқа төтеп бере алмай, өздері де суға кеткен.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына 176 адам, соның ішінде сүңгуірлер мен полиция қызметкерлері тартылған. Бірнеше сағатқа созылған жұмыстар нәтижесінде үш марқұмның денесі судан шығарылды.