24.06.2025, 15:40

«Күт мені»: Ләйлә Сұлтанқызы қуанышты жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/sultankyzy

Журналистер күні қарсаңында күтпеген жаңалық болды.  

Тележүргізуші, медиамаман Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығымен бөлісіп, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Қуанышты жаңалығыммен бөліссем деймін. Оксфорд университетінен (University of Oxford) 2025 жылдың күзінінен 3 айға шақырту алдым. Енді шетелдік студенттермен түрлі зерттеулер өткізіп, қазақ тілінің ауқымын кеңейтіп, дәрежесін бірге көтереміз", деп жазды ол.