24.06.2025, 15:50

Түркияда тағы да жер сілкінді

Фото: Tourprom

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ.

Бүгін Түркияның оңтүстігіндегі Адана қаласында жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы 4,5 баллды құрады, деп хабарлайды skifnews,kz ақпарат порталы.

Әзірге зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде, әсіресе Telegram арналары арқылы жер сілкінісі сәтінде түсірілген видеолар кеңінен таралып жатыр.

Айта кетейік, бұл соңғы апталардағы Түркиядағы алғашқы дүмпу емес. 3 маусымда елдің батысындағы Мұғла провинциясында магнитудасы 5,8 балл болатын жер сілкінісі тіркелген еді. Ол кезде бірнеше адам жарақат алып, бір адам қаза тапқан болатын.

Бұған дейін, 23 сәуірде Мәрмәр теңізінде, нақтырақ айтқанда Ыстамбұл жағалауында 6,2 баллдық зілзала болған. Бұл дүмпуден кейін көптеген афтершоктар тіркелді. Түрік билігінің дерегінше, 236 адам жарақат алды, бірақ қаза тапқандар мен ірі қираулар тіркелмеген.