$ 518.5  601.62  6.61

Алматыда пойыз екі адамды қағып кетті – екеуі де сол жерде қаза тапты

Оқиға Аксенгер мен Бурундай бекеттерінің арасындағы теміржол бөлігінде болған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысында қайғылы жағдай тіркелді. 23 маусым күні кешкі сағат 19:10 шамасында Отар – Алматы-1 бағытындағы теміржол учаскесінде пойыз екі адамды қағып, екеуі де оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы ресми түрде хабарлады.

Оқиға Аксенгер мен Бурундай бекеттерінің арасындағы теміржол бөлігінде болған. Компания мәліметінше, пойыз машинисі жолға кенеттен шыға келген адамдарды байқап, дереу шұғыл тежеу жүйесін іске қосқан. Алайда қашықтық тым аз болғандықтан, соқтығыстың алдын алу мүмкін болмаған.

“Локомотив тарапынан дабыл берілгенімен, азаматтар оған ешқандай реакция білдірмеген. Өкінішке қарай, оқиғаның алдын алу мүмкін болмады”, – делінген ресми ақпаратта.

Қайғылы жағдай туралы дереу Алматы-1 стансасындағы желілік полиция бөліміне хабарланған. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Мамандар бұл жағдай теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың аса маңызды екенін тағы бір мәрте еске салатынын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары