$ 522.38  612.6  6.54

Жаңа саябақтар, жағалаулар мен скверлер: Алматының Алатау ауданы қалай түрленіп жатыр

Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады.

Фото: Sn.kz
Фото: Sn.kz

Алматының Алатау ауданы – шаһардағы ең жылдам дамып келе жатқан ауданның бірі. Қазір мұнда құрылыс қарқыны еселеп өскен. Әсіресе салынып жатқан тұрғын үйлер мен мектептің көптігі бірден көзге түседі. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазір аудандағы 31 мемлекеттік, 12 жеке меншік мектепте 61 095 оқушы білім алып жатыр. Олардың 57 814-і мемлекеттік мектепке, 3 281-і жеке меншік мектепке барыпты. Дегенмен, тұрғындардың саны өскендіктен мектепке сұраныс артып, биыл шамамен 6 мың орын жетіңкіремей тұрғанын айтады. Алатау ауданы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында осы мәселені шешіп, енді 13 250 оқушыға арналған сегіз мектеп салмақ.   Самғау, Теректі, Қарасу аудандарында екі мың орындық үш мектеп салынып бітті», - деді ол.

Сондай-ақ, Алатау ауданының әкімі Саялы шағынауданындағы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысымен таныстырды. Нысанның құрылысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталмақ. Қазіргі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.