25.06.2025, 15:00

Жаңа саябақтар, жағалаулар мен скверлер: Алматының Алатау ауданы қалай түрленіп жатыр

Фото: Sn.kz

Алатау ауданында жаңадан сегіз мектеп ашылады.

Алматының Алатау ауданы – шаһардағы ең жылдам дамып келе жатқан ауданның бірі. Қазір мұнда құрылыс қарқыны еселеп өскен. Әсіресе салынып жатқан тұрғын үйлер мен мектептің көптігі бірден көзге түседі. Бұл туралы Алатау ауданының әкімі Талғат Малыбаев БАҚ өкілдерімен кездесу барасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазір аудандағы 31 мемлекеттік, 12 жеке меншік мектепте 61 095 оқушы білім алып жатыр. Олардың 57 814-і мемлекеттік мектепке, 3 281-і жеке меншік мектепке барыпты. Дегенмен, тұрғындардың саны өскендіктен мектепке сұраныс артып, биыл шамамен 6 мың орын жетіңкіремей тұрғанын айтады. Алатау ауданы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында осы мәселені шешіп, енді 13 250 оқушыға арналған сегіз мектеп салмақ.   Самғау, Теректі, Қарасу аудандарында екі мың орындық үш мектеп салынып бітті», - деді ол.

Сондай-ақ, Алатау ауданының әкімі Саялы шағынауданындағы 200 келушіге арналған отбасылық-дәрігерлік амбулатория құрылысымен таныстырды. Нысанның құрылысы биылғы жылдың тамыз айында аяқталмақ. Қазіргі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дәрігерлік амбулаторияда стоматолог-хирург, УЗД, офтальмолог, терапевт сынды бірқатар кабинеттер ашылуы жоспарлануда.

Тәулігіне 200 адам қабылдайтын жаңа нысанның құрылысына 2,1 миллиард теңге бөлініпті.

Айта кетейік, 2025 жылдың мамырынан бастап Алатау ауданындағы 255 көше мен қоғамдық кеңістіктерде 2 900 бағана мен 3 500 шам орнатуды көздейтін ауқымды жоба басталды. Жобаның жалпы құны — 2,6 млрд теңге. Осылайша, Алатау ауданы Алматы қаласындағы ең қарқынды дамып келе жатқан ауданның біріне айналып отыр. Мұнда салынған әрбір теңге ондаған мың тұрғынның өмір сапасын арттыруға бағытталған.

2025 жылдың желтоқсан айында Боралдай, Ақбұлақ, Шапағат, Болашақ және Рахат-Мәдениет ықшам аудандарындағы 23 мың тұрғынға арналған 270 шақырым инженерлік желіні салып бітпек. Сонымен қатар, Айгерім ықшам ауданында жаңа кәріздік сорғы станциясы пайдалануға беріледі. Бұл жобалардың жалпы құны — 15,5 млрд теңге.

Аудан әкімдігі Алатау ауданындағы ретсіз құрылыстарға байланысты Алматыға қосылғанға дейін де жеке үйлер орталық кәрізсіз салынғанын айтты. Жеке сектордағы сұйық қалдықтар ауладағы септиктерге қосылып, топырақ пен жер асты суын ластайды, олардың деңгейін жоғарылатады.

«Соның нәтижесінде кей жерде жер асты суы үнемі жер бетіне шығады. Жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты көлік қозғалысында уақытша қолайсыздықтар туындауы мүмкін. Жеке секторда жаңа желілерді салу – қала билігі алдындағы басым міндеттің бірі. Бұл жұмыс біздің тұрақты бақылауымызда болады», - деді Талғат Малыбаев.