Дәрігерлер кішкентай науқастың артық саусақтарын алып тастап, аяқ-қолын қалпына келтірді.
Алматыда бір қолында сегіз саусақпен дүниеге келген 1 жасар бүлдіршінге ерекше ота жасалды. Хирургтер операцияны сәтті аяқтап, баланың артық саусақтарын алып тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында күрделі ота жасалды. Онда халықаралық шеберлік сабағы өтті.
Ресейдің алдыңғы қатарлы хирургтарының бірі Алматыға келді. Ол қазақстандық әріптестерімен бірге сегіз күрделі операция жасаған. Соның бірі сәбидің қолын қалпына келтіру болды. Патологияға байланысты бала алақанын ашып, заттарды ала алмаған.
Дәрігерлер кішкентай науқастың артық саусақтарын алып тастап, аяқ-қолын қалпына келтірді.
Операция тегін болды. Болашақта бала сурет салып, жазып, қолын ауыртпалықсыз және шектеусіз қимылдата алады.