25.06.2025, 17:40

«Халықты улап, ақша тауып отыр»: Ахметбек Нұрсила 100 қызметкеріне үй сыйлаған Тұрсын Алагөзовке шүйлікті (ВИДЕО)

Фото: Caravan.kz

Ақшаны қайдан алып отыр? Бір жылда 70 миллиард ақша тауыпты. 

Кейінгі кездері өзін нейробиолог деп таныстырып жүрген Ахметбек Нұрсила танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзовты қатаң сынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желідегі парақшасында Баян Мақсатқызының күйеуін “халықты улап жатыр” деп айыптады. 

”Баяның күйеуі жүз адамға пәтер беріпті деп айтып жатыр ғой. Бірақ, пәтерді ол қалай беріп отыр? Ақшаны қайдан алып отыр? Бір жылда 70 миллиард ақша тауыпты. Таза пайдасы. Оны сіз бен біздің ұрпағымызды улап тауып жатыр. Улайды да итке сүйек лақтырған сияқты бірдеңе лақтыра салса, халық ананы аспанға көтеріп жатыр. Бұл әлемдік корпорациялардың істейтін тәсілі. Халықтан қанын сорып алады да, үстіндегі бір қоқымын лақтыра салса, олар “Ойбай” деп көтереді. Coca-Cola да сол сияқты. Қазақстанда бес жүз миллиард теңгеге Coca-Cola сатылады. 1-2 миллиардын, бір пайызын халыққа лақтырып қояды. Баланы оқытамыз, денсаулық деп. Денсаулығыңды құртып, ол сені мазақ қылу емес пе? Содан соң жасанды интеллектке бұл зұлым компания ма десем, “ия, ол — зұлымдық, бұны әшкерелейік” дейді. Енді Қайрат Coca-Cola-ның компаниясында істейтін болса, Coca-Cola керемет компания ма деп сұраса, ол ”Ия, керемет компания. Халыққа бір қайырымдылық жасап жатыр” дейді. ChatGPT сол сияқты. Кім бірінші оны қолданады, соның қолында қаруға айналады”, — дейді ол.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан видеоға желі қолданушылары түрлі пікір жазуда. 

”Өте дұрыс, Ахметбек аға қолдаймын”, “Ол ешкімнің аузына құйып жатқан жоқ. Үй берсе қарапайым халыққа берді”, “Есесіне ол сен сияқты елді алдап өтірік курс сатқан жоқ”. — деп жазды олар.