$ 518.5  601.62  6.61

«Орыстар әлдеқайда білімді, оларсыз өмір сүру қиын» – Марғұлан Тұрсынов

Ашығын айтсам, оларсыз күнделікті тұрмысымда маған өте қиын болады.

Фото: Алматы ақшамы
Фото: Алматы ақшамы

Қазақстандық танымал БАҚ-тың негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов орыс халқына деген ерекше ықыласын ашық айтып, көптің сынына қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ZTB медиасының негізін қалаған Марғұлан Тұрсынов соңғы уақытта елде орыстарға қатысты ұлтшылдық күшейіп жатқанын айтып, оларға деген ерекше ықыласын білдірді. 

«Мен көп мәселе бойынша соларға жүгінемін: техника жөндеу, көлік, дизайн, бухгалтерия... Себебі олар әлдеқайда білімді, әлдеқайда жауапты және тұрақты деп есептеймін. Ашығын айтсам, оларсыз күнделікті тұрмысымда маған өте қиын болады» деп жазды ол әлеуметтік желіде. 

Тұрсынов қай ұлтпен салыстырғанда орыс ұлтының бәсі жоғары болып тұрғанын ашық айтпады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 12
Күлкілі 8
Ашулы 21

Серіктес жаңалықтары