$ 518.5  601.62  6.61

Қазақстанға жауын-шашынды циклон келе жатыр

Ыстықтың беті қайта ма? 

Фото: Толқын
Фото: Толқын

26-28 маусым аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны жылжиды. Ол жаңбыр, найзағай және екпінді жел әкеледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Батыста, солтүстік-батыста, шығыста және елдің орталығында қатты нөсер жауын күтіледі, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Күндіз батыста, солтүстікте және шығыста ауа температурасы 18-28 градус жылы болады. Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады – 38 градусқа дейін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары