$ 518.34  607.18  6.62

Алматыдағы Сайран көлінен тағы бір адамның мәйіті табылды

25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.

Фото: Алматы қаласы әкімдігі
Фото: Алматы қаласы әкімдігі

48 жастағы тұрғын марқұм мас күйінде тыйым салынған жерде суға түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 25 маусым күні сағат 19:26-да сүңгуірлер 1977 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты. Кеше республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері жасөспірімнің денесін судан алып шыққан болатын. 

Ал, қасындағы тағы бір жасөспірім өз бетімен жағаға жүзіп шыққан.

Көлге күн сайын шамамен 4000-ға жуық адам келеді. Алматы қаласының ТЖД Сайран көлінде шомылуға барлық құрылыс, санитарлық іс-шаралар аяқталғанға дейін және нысан ресми пайдалануға берілгенге дейін қатаң тыйым салынғанын хабарлайды.

– Тыйым салу тәртібі бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес айыппұлдарды қоса алғанда, азаматтарға әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. Қала тұрғындары мен қонақтарын судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға, сондай-ақ рұқсат етілмеген жерлерде шомылудан бас тартуға шақырамыз, – деп хабарлады Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары