Бүгін сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Қазақпарат».
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ-ның сейсмикалық стансалар желісі мәлімдегендей, жерасты дүмпуі 18 тамызда Алматы уақыты бойынша сағат 03:53-де тіркелген. Оның ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 203 шақырым жерде орналасты. Энергетикалық класы – 8.6. Магнитудасы – MPV 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым.
«Қаланың өзінде жер асты дүмпулері сезілген жоқ», делінген хабарламада.