$ 520.39  609.58  6.63

Жүргізушілер назарына! Sergek енді аспаннан да бақылайды (ВИДЕО)

Жобаны Ішкі істер министрлігі, “Қазақтелеком” АҚ және қазақстандық IT мамандар бірлесіп жүзеге асыруда.

Фото: Sergek Group
Фото: Sergek Group

Астанада интеллектуалды бақылау жүйесімен жабдықталған дрондар сынақтан өтуде. Бұл жаңа технологиялар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи тәсілі ретінде қолданылып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ұшқышсыз аппараттар тек патрульдеумен шектелмейді – олар нақты нысаналы бағыт бойынша іздестіру жұмыстарын да жүргізе алады. Мысалы, бағдар берілген көлік құралдарын анықтап, дереу патрульдік қызметке мәлімет жеткізеді.

Жобаны Ішкі істер министрлігі, “Қазақтелеком” АҚ және қазақстандық IT мамандар бірлесіп жүзеге асыруда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары