$ 520.39  609.58  6.63

23 жастағы әскери қызметкер 15 жастағы қызды жүкті етіп, кейін тастап кеткен

Полиция мен әскери-тергеу басқармасы істі кім жүргізуі керектігін шеше алмай отыр.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Түркістан облысында 16 жастағы қыздың 23 жастағы әскери қызметкерден бала туғанына байланысты дау шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Алайда тергеу тоқтап тұр.

Полиция мен әскери-тергеу басқармасы істі кім жүргізуі керектігін шеше алмай отыр.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы хабарлады. Оның айтуынша, қыз 15 жасында, 9-сыныпта оқып жүргенде жүкті болған.

«Кәмелетке толмағанмен жыныстық қатынасқа түскені үшін қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында ер адам онымен ресми түрде некеге тұрған. Алайда жарты жылдан кейін оны тастап, ата-анасының үйіне қайтарып жіберген», – деді Жазира.

Журналистің мәліметінше, жергілікті тергеуші қыздан жыныстық қатынасқа «өз еркімен барғаны» туралы қолхат алып, қылмыстық істі жауып тастаған. Бұл – заңға қайшы: Қазақстанда 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас – жәбірленушінің келісіміне қарамастан, қылмыстық қылмыс болып саналады.

Қыз Астанаға шағым түсіргеннен кейін іс қайта қозғалған. Алайда екі ай өтсе де, ешқандай нәтиже жоқ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 9

Серіктес жаңалықтары