Алайда Қостанай облыстық білім басқармасы бұл сұмдық оқиғаға байланысты әлі үнсіз.
Қостанайда жекеменшік түзету орталығының қызметкерлері балаларды ұрып-соғып, аш қалдырғаны белгілі болды. Балаларға көрсетілген қатыгездік бақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
⠀
«Аманат и К» атты жекеменшік түзету балабақшасында тәрбиеленушілердің денесінен көгерген іздер табылып, кейбірінен ми шайқалуы мен жабық бас-ми жарақаты анықталған.
⠀
Облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады. Қазіргі таңда педагогтер мен балаларды қадағалауға міндетті қызметкерлердің әрекеті жіті тексеріліп жатыр.
⠀
Алайда Қостанай облыстық білім басқармасы бұл сұмдық оқиғаға байланысты әлі үнсіз.
⠀
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда мектепке дейінгі мекеменің тәрбиешісі балалардың желкесінен ұрып, итеріп, киімдерін сыпырып жатқан видео жарияланған болатын.