$ 520.39  609.58  6.63

Ақмолада мектеп бітіріп жатқан түлекті ұрып кетіп, ауруханаға түсірген

Оқиғадан кейін жігіт ауруханаға жатқызылған.

Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Өңірдегі Ақкөл кентінде мектеп бітіру кешінен кейін 18 жастағы жігітке өзінен үлкен әрі мас белгісіз екі адам шабуыл жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

 

Оқиғадан кейін жігіт ауруханаға жатқызылған. Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түлектің соққыға жығылғаны туралы ақпаратты растап, бұл оқиға бойынша тергеу жүріп жатқанын түсіндірді.

"Арыз түскен күні Қылмыстық кодекстің 293-бабының 2-бөлігі "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалдың барлық қатысушысы дереу анықталып, жауап алынды", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Басқарма қылмыстық іс аясында оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын қосты. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары