$ 519.64  609.23  6.62

Алғашқы жемқорлық: елді Назарбаев басқарған тұста 200 млн теңгені қалтасына басқан кім? (ВИДЕО)

Жемқорлықтағы алғашқы сигнал Президент шаруашылығын басқармасында байқала бастаған. Ол кездері Президент шаруашылығына өте үлкен қаржы бөлінген. 

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғашқы жемқорлық қай кезде байқала бастады? Қандай тексеріс органдары болды? Президент Әкімшілігін тексеруге кімнің тісі батты? Бұл сұрақтардың жауабын Qasqa Jol арнасына берген сұхбатында ҚР Парламенті депутаты (1995-1999 жж.), Премьер-министр кеңесшісі, Мәдениет және өнерді қолдау мемлекеттік қорының атқарушы директоры Мәди Әдиұлы Артығалиев айтып берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жемқорлықтың басталуы...

Экс-шенеунік Мәди Әдиұлы Жоғарғы кеңестің елдегі алғашқы жемқорлық фактілерін тексеру қалай, қай жылы басталғанын айтты.

"Жоғары кеңесте тексерісте жүргенімде 1994 жылы қызметте жүргенімд бірінші рет сигнал түсті, Президент әкімшілігінде, Іс басқармасында, шаруашылығында мемлекет ақшасын талан-таражға салып жатыр деді. 15 адамбыз тексеру керекпіз. Мен қолымды көтеріп барамын дедім. Бұл негізі президентті де тексеру деген сөз. Жоғары кеңестің лауазымы жоғары болды. Президент арамызға келіп отыратын. Асанбаев, Әбділдин басқарған отырыста Президент өзі келіп, Үкіметке тапсырма беріп биылғы жылдың ақшасын не істейміз деген басты сауалды бірге отырып шешетін кезеңдер еді. Сол ақшаны қорғау Жоғары кеңестің өкілетті органы Бақылау палатасына берілген болатын. 12-шақырылымның ортасын қарай құрылған", - дейді Мәди Әдиұлы.

Жемқорлықтағы алғашқы сигнал Президент шаруашылығын басқармасында байқала бастаған. Ол кездері Президент шаруашылығына өте үлкен қаржы бөлінген. 

Содан Президент шаруашылығын тексеруге аттандым, маған мандат беріліп Жоғары кеңес атынан бардым. Басшысы Владимир Ни отыр. Ол Президент шаруашылығын басқарады. Ол құрылымға өте үлкен қаржы бөлінген, бас орган ғой. Соған келдім, маған қарамайды да. Келгенімді білдірдім, этикет бар ғой. «Че надо?» дейді, амандасудың орнына, осыдан-ақ оның тойынған тоқты екені белгілі болды. Менің қайдан келгенімді қолымнан көріп, «Нұртай Әбіқайович тут пришел какой-то Мәди Әдиевич говорит с проверкой. Что мне делать», дейді. Телефон ар жағынан «прими и разреши проверку» дегені естіліп тұрды. Содан кейін барып орнынан тұрым, маған қолын беріп амандасты. Қайта танысқандай болды, «көп уақытым жоқ 2 аптада көмегіңізбен тексерісті аяқтайын дедім», құжаттарға доступ керек қой. Қаржылық құжаттарды көрсетіңіз, соңғы 1 жылдың түгел есеп-қисабын дедім. Соңғы бір жыл Президент отыратын әкімшілігінің ғимаратын салып жатырсыз 1 жыл болды әлі бітпей жатыр, оған қоса ақша сұрапсыз ғой, не себеп болды деп сұрадым. Әлгі кісінің демі тарылғандай болып, бөлмесіне жүгіруі кетті. Бір апта бойы бәрін мұқият қарадым. Сол кездегі МинФин-нен біліп келгендерім бар, соңғы келген екі транш 200 млн теңге ақша жоқ. Осыны таптым. Оны өздері қызылмен жазып, есеп-қисап жасаған екен. Алынатын шапка, ұрланатын сома бөлек түзелген. Резервті қаржы деп, жеке жүргізіледі екен",  - деп түсіндірді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары