30.06.2025, 16:00

Алматыда «Газель» көлігі аялдамаға соғылып, 22 жасар қызды қағып кетті

Фото: әлеуметтік желіден

Апат Шаляпин көшесінде орын алды.

Алматы қаласының Әуезов ауданында «Газель» автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Апат Шаляпин көшесінде орын алды. Батыс бағытта қозғалып келе жатқан жүргізуші көлікті басқара алмай, аялдамаға соғылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылы туған қыз зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.

Жол апатының себептері мен мән-жайы анықталуда.