30.06.2025, 17:45

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді

Коллаж: Ulysmedia

Үкімет биыл қыркүйек айына дейін тиісті заңды әзірлеуі керек.

Антикор Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына кірді. Президент жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ҰҚК құрамында жаңа агенттік — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет құрылды;

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы саясат жүргізу міндеті мемлекеттік қызмет істері агенттігіне жүктелді;

\Бұрынғы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің міндеттері мен өкілеттіктері ҰҚК мен агенттікке өтті;

Құрылым енді президентке есеп бермейді. Үкімет биыл қыркүйек айына дейін тиісті заңды әзірлеуі керек.

Тегтер: ҰҚК антикор