01.07.2025, 12:40

Ресеймен шекарада ұзын-сонар кептеліс: Бүгіннен бастап көрші елге кіру қиындады

Фото: видеодан скрин

Ыстық тамақ үлестіріліп, жағдай тұрақтандырылуға тырысылуда.

Ақтөбе облысындағы «Жайсан» – «Сағарчин» шекара бекетінде бұрын-соңды болмаған кептеліс. Ресейге өтуге тырысқан жүздеген көлік пен мыңдаған адам кезекте тұр. Бұған басты себеп — 1 шілдеден бастап көрші елдің көші-қон ережелері күрт күшеюі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Енді Ресейге кіру үшін жай ғана шекараға жетіп, құжат көрсету жеткіліксіз. Жаңа талаптар күшіне енді: Визитке 72 сағат бұрын өтініш беру керек RuID қосымшасынан QR-код алу міндетті Шекарада биометрия тапсыру қажет Жаңа жүйе Ресейдің еңбек миграциясын бақылау мақсатында енгізілген. Кезекте тұрған азаматтарға құтқарушылар мен әскерилер көмек көрсетіп жатыр. Ыстық тамақ үлестіріліп, жағдай тұрақтандырылуға тырысылуда. Алайда көлік легі күннен күнге көбейіп жатыр.

“Мұндай жағдайда біз де әрекетсіз қалмауымыз керек. Ресей қандай шара қабылдаса, біз де соған тең жауап беруіміз қажет”, — дейді сарапшылар.

Айта кетейік, бұл өзгерістер Қазақстан мен Ресей арасындағы шекаралық тәртіпке айтарлықтай ықпал етіп отыр. Күзге дейін жағдай одан әрі ушығуы мүмкін деген болжам бар.

Тегтер: шекара Ресей