$ 518.37  609.97  6.6

Қазақстанда тұратын әзілкешке Ресейде қылмыстық іс қозғалды

Әзілкеш өзін кінәсіз деп санайды және өнер бостандығын шектеуге болмайтынын алға тартады.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Якутиялық стендап-комик Нюргун Атаковқа Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі бойынша ұлтаралық араздық пен өшпенділік тудырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тергеу органдарының мәліметінше, ол өз шығармашылық бағдарламаларында орыс тіліне, орыс халқына және православ дініне қатысты қорлайтын пікірлер айтқан.

Атаков соңғы үш жыл бойы Қазақстанда тұрып, шығармашылықпен айналысып келеді. Оның айтуынша, стендап – көркем жанр, ал сахнада айтылған сөздер шынайы өмірмен емес, ойдан құрастырылған образдармен байланысты. Әзілкеш өзін кінәсіз деп санайды және өнер бостандығын шектеуге болмайтынын алға тартады.

Қазіргі уақытта Ресейдің құқық қорғау органдары бұл іске қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары