Не деген татулық.
Анасы мен енесін бір шаңырақта тату-тәтті ұстаған Гүлмира есімді келін TikTok желісінде миллиондаған қаралым жинап, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол 33 жыл бойы ата-енесімен бірге тұрып, жолдасы қайтыс болған соң туған анасын да үйіне көшіріп алған. Бүгінде бір үйде тұратын енесі мен анасы бір-бірімен апалы-сіңлідей болып кеткен.
Желі қолданушылары олардың шынайы көңілі мен жылы видеоларына тәнті болып, көпке үлгі деп бағалауда.