02.07.2025, 17:00

Маңғыстауда екі жолаушы жүргізушіні белбеумен қылқындырып, шабуыл жасаған

Фото: Polisia.kz

Аталған факт бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды.

30 маусым күні кешке Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында екі ер адам жеке жүргізушіге қарақшылық шабуыл жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Шамамен сағат 20:30 кезінде Ақшұқыр ауылының шетінде қаскөйлер жүргізушінің қызметін пайдаланып, жолда оған шабуыл жасаған. Физикалық күш қолданып, қауіпсіздік белдігін мойнына орап қысып, ер адамды көліктен түсіріп, Hyundai Accent маркалы автокөлігін теуіп кеткен», – делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция күдіктілерді жедел анықтап, қолға түсірді. Екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факт бойынша «Қарақшылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.