Облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Қызылсая ауылында 13 жастағы жасөспірім күмәнді жағдайда қайтыс болды. Қазіргі уақытта полиция өлімнің себебін анықтау үшін тергеу жүргізуде, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қайғылы жағдай 2 шілде күні болған. Жасөспірімнің денесін туыстары жазғы ас үйден тауып алған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді полиция өкілдері.