Еске салсақ, бұған дейін бұл қорды Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша экономикалық сот мәжбүрлі түрде жойған болатын.
Астана қалалық апелляциялық соты Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық қорының күшін жою туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Осылайша, қоғам белсендісі Перизат Қайраттың өзінің қайырымдылық ұйымының жұмысын қайта жандандыруға бағытталған кезекті талпынысы сәтсіз аяқталды.
Еске салсақ, бұған дейін бұл қорды Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша экономикалық сот мәжбүрлі түрде жойған болатын. Тергеу барысында Перизат Қайрат қорды тіркеген кезде өзге он «құрылтайшының» қолдарын қолдан жасап, олардың жеке деректерін заңсыз пайдаланғаны анықталған. Сараптама бұл деректердің қолдан жасалғанын растады. Сот тіркеу процесі кезінде заң талаптары бұзылғанын, сондай-ақ азаматтардың келісімінсіз олардың жеке мәліметтері пайдаланылып, конституциялық құқықтары тапталғанын мәлімдеді. Осы жағдай қорды таратуға негізгі себеп болды.
Жақында «қайырымдылықпен айналысқан» Перизат Қайратқа қатысты атышулы іс сотқа жолданды. Тергеу мәліметінше, ол 3,5 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырған.