$ 519.57  612.78  6.61

«Құстардың жанын қорғаған»: БҚО тұрғыны қарлығаштардың ұясы үшін қызметінен бас тартты (ВИДЕО)

Бұл жағдай оған қатты әсер етіп, күйзеліске түсіп, сырқаттанып қалған.

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында ерекше жағдай тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«ҚазТрансГаз» компаниясында жүк тиегіш болып жұмыс істеген Асқар есімді азамат лашындардың ұясын көріп, газ құбырын көметін қазылған орынды жаппай қойған.

Айтуынша, құстардың өміріне қауіп төндіргісі келмеген.

Асқардың айтуынша, бұл оқиға маусым айының соңында болған. 30 маусымда ол жұмыстан өз еркімен кеткен.

Алайда арада көп уақыт өтпей-ақ, траншеядағы ұялар бәрібір көміліпті.

Бұл жағдай оған қатты әсер етіп, күйзеліске түсіп, сырқаттанып қалған.

«ҚазТрансГаз» компаниясынан ресми әзірге ресми жауап бермеді. Табиғатқа жанашырлық танытқан азаматтың әрекеті жұртты бей-жай қалдырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары