05.07.2025, 08:30

41 градусқа дейін аптап ыстық: Елімізде дабылды ескерту жарияланды

Фото: Pixabay

Астанада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін.

Елімізде 5 шілдеде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей өңірлерде +41°С дейін аптап ыстық болады. Елорда мен елдің 16 өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет"-ке сілтеме жасап.

Астанада күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Батыс және солтүстік-батыстан екпіні 20 м/с жел соғады.

Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз дауыл соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан 23 м/с жел соғады. Батыста өрт қаупі жоғары. Көкшетауда найзағай ойнап, жел 20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде және шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, батыста түнде және таңертең тұман түседі. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді. Петропавлда найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, жел 20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында найзағай ойнайды. Батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан 20 м/с жел соғады. Оңтүстік-батыста өте жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстік және шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с жетеді. Қарағандыда найзағай ойнап, жел 20 м/с күшейеді. Батыста, шығыста және оңтүстікте өте жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында батыстан, солтүстіктен, шығыстан солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Оңтүстікте және шығыста +38 ° C дейін ыстық болады. Батыста, оңтүстікте және шығыста төтенше өрт қаупі бар. Жезқазғанда – 20 м/с жел соғады, өрт қаупі жоғары.

Павлодар облысының батыс, орталық және шығыс бөлігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел 20 м/с дейін жетеді. Павлодарда – найзағай, кей кезде қатты жаңбыр, бұршақ жауады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөлігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді. +37 ° C дейін ыстық болады. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар. Өскеменде күн күркіреп, бұршақ жауады, жел 20 м/с күшейеді, +35°С дейін ыстық болады.

Абай облысының солтүстік, оңтүстік және орталық бөлігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады, дауыл соғады. Батыста және түнде солтүстікте найзағай ойнайды. 28 м/с жылдамдықпен жел соғады. +36 ° C дейін ыстық болады. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі бар. Семейде жаңбыр бұршақ жауып, найзағай ойнайды, жел 22 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының орталығында өте жоғары өрт қаупі бар. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде +41°С дейін ыстық болады. Аймақта жоғары өрт қаупі бар, ал солтүстік-батыста өте жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда өрт қаупі жоғары.

Атырау облысында +36°С дейін ыстық болады. Батыс пен оңтүстікте жоғары өрт қаупі бар. Атырауда +35°С дейін ыстық болып, өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстік және таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 17–22 м/с. Қонаевта шаңды дауыл соғады, жел 22 м/с күшейеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс және орталықта солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Күндіз +35…+39°C дейін ыстық болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда солтүстік-батыстан екпіні 25 м/с жел соғады, +38°С дейін ыстық болады. 5-7 шілде аралығында өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде және солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 15–20 м/с жел соғады. Қызылордада түнде шаңды дауыл соғады, жел 16 м/с күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстік және батыс аймақтарында шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан 20 м/с жел соғады. Шымкентте жел 20 м/с күшейеді. Түркістанда өткінші шаңды дауыл соғады.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 20 м/с жетеді. +38 ° C дейін ыстық болады. Таразда төтенше өрт қаупі бар.