05.07.2025, 21:30

Алматы облысында көлік жүргізушісі 6 жасар баланы қағып, қашып кеткен

Фото: AlmatyNews

Ол жарақат алған баланы көре тұра, оқиға орнынан кетіп қалды. 

Жол-көлік оқиғасы 4 шілде күні ауыл дүкендерінің бірінің маңында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алматы облысының Көкөзек ауылында Lexus RX 300 жүргізушісі артқа қозғалған кезде велосипед теуіп жүрген 6 жасар баланы қағып кеткен. Ол жарақат алған баланы көре тұра, оқиға орнынан кетіп қалды. 

"Қазіргі уақытта күдіктінің орналасқан жерін анықтап, ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінің барлық жеке құрамы бағытталды. Жол-көлік оқиғасы және оқиға орнын тастап кету фактісі бойынша қылмыстық істер тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.

Бала ауруханаға жеткізілді.