06.07.2025, 21:30

Астана күнінде елордада 39 сәби дүниеге келді

Фото: Астана әкімдігі

Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі.

6 шілде күні түнгі сағат 00:00-ден түскі 12:00-ге дейін елордада 39 нәресте дүниеге келді – олардың 22-сі – ұл, 17-сі – қыз бала, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазақстанда шілде айының алғашқы жексенбісінде Ұлттық Домбыра күні атап өтіледі. Осы атаулы күні дүниеге келген сәбилерді құттықтау – игі дәстүрге айналған.

Биыл да бұл дәстүр жалғасын тапты. Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері, оның ішінде ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары және Астана қаласы Аналар кеңесінің мүшесі №2 көпбейінді қалалық аурухананың босану блогына барып, жас аналарға сыйлықтар табыстады.

Жас аналар мен олардың нәрестелеріне гүл шоқтары мен домбыралар тарту етілді.

Домбыра – қазақ халқының мәдени мұрасы мен ұлттық болмысының бір бөлігі. Мұндай сый – мәдени құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа жалғасуын білдіретін символдық мәнге ие.