08.07.2025, 13:40

Құлсарыда мопед тізгіндеген 12 жастағы бала қаза тапты

Фото: Актобе Таймс

Жасөспірім автобусқа соғылған.

7 шілде күні Құлсарыда жантүршігерлік оқиға орын алды. Жол қиылысында мопед мінген 12 жастағы бала автобусқа соғылып, қаза тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263606-qulsaryda-moped-mingen-12-zastagy-bala-qaza-tapty

Полицияның мәліметінше, PAZ Vector Next автобусы бұрылып келе жатып, мопед бар жылдамдықпен бүйіріне соғылған. Соққының салдарынан бала ауыр жарақат алып, аудандық ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады.

Баланың неліктен рөлде болғаны және оқиғаның нақты қалай болғаны қазір тексерілуде. Сараптама тағайындалды.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың басынан бері Атырау облысында мопедтердің қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 3 адам жарақат алған. Бірақ кәмелетке толмағандар бойынша жалпы статистика одан да алаңдатарлық көрінеді: жасөспірімдердің қатысуымен 268 жол-көлік оқиғасы, 6 адам қаза болды, 310-нан астам жарақат алды – бұл тек жылдың алғашқы бес айындағы көрсеткіштер.

Сәуір айынан бастап облыста мопед иелеріне қатысты ереже қатайтылған: енді көліктер тіркеуден өтіп, техникалық байқаудан өтуі керек, жүргізушілерде А1 немесе В санатындағы куәлік болуы керек. Полицияның мәліметінше, сәуір айының басына дейін 650 мопед тіркелген.