$ 518.97  607.3  6.64

Жамбыл облысындағы жер сілкінісі: жедел желілер іске қосылды

Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

ТЖМ командалық орталығының жедел штабында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішіевтің төрағалығымен бейнеконференция-байланыс жүргізілді. Өңірдегі жағдай талқыланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

ҚР ТЖМ күштері мен құралдары ден қоюға толық дайын.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ мониторингті жалғастыруда және өңірмен тұрақты байланыста.

"Азаматтардан сабырлық сақтауға және ресми ақпарат көздерінен хабардар болуды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан ТЖМ командалық орталығы және Жамбыл облысының ТЖД базасында жедел штаб құрылды. Байланыс және көмек үшін жедел желі ашылды:

ҚР ТЖМ командалық орталығы - 87172-55-96-21

Жамбыл облысы ТЖД 8-7262-51-41-67

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары