18.08.2014, 04:12

Қазақстанның бірқатар аймағында өрт қауіпті кезең басталды

Сурет: avtoradio.ru

18 тамыз күні еліміздің бірқатар өңірлерінде күн қатты ысып, құбылмалы ауа райы болуы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында жел күшейеді. Желдің жылдамдығы - 15-20 м/с.

Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарында да күн бұлттанып, қатты жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында да тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал. Ақмола облысында күндізгі желдің екпіні 20м/с болады.

«Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе өңірлерінде аптап ыстық болады.  Маңғыстау, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты күн ысып, өрт қауіпті кезең басталды», делінген хабарламада.