09.07.2025, 10:20

Ақтөбеде 9 жастағы қыз орталықта ауыр жарақат алып, қолсыз қала жаздады

Фото: t.me/ztb_qaz

Айым шамамен бір литр қан жоғалтқан, саусақтары қимылдамай қалған.

Ақтөбедегі Family park балалар орталығында демалып жүрген 9 жастағы Айым Нұрболат ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 2025 жылдың 7 мамырында болған. Қыздың қолын қоршалмаған және еркін тұрған айналмалы бұрандалы механизм — шнек тартып әкеткен Шнек — айнала қозғалатын бұрандалы темір тетік. Ол әдетте бір нәрсені жоғарыға немесе алға қарай қозғауға арналған. Қорғалмағандықтан, ол қыздың қолын тартып, саусақтарын зақымдаған. Айым шамамен бір литр қан жоғалтқан, саусақтары қимылдамай қалған.

Қазір ол ұзақ әрі қиын ем қабылдап, оңалту кезеңінен өтіп жатыр. Қыздың анасының айтуынша, оқиға болғанына екі ай өтсе де, орталық әкімшілігінен ешкім хабарласпаған, жағдайын сұрамаған және көмек ұсынбаған.