Бірден бір еңбегі бар бұл менің әпкем - Салтанат Байқошқарова.
Танымал «Экомед» клиникалар желісінің басшысы Салтанат Берденқызы Байқошқарованың сіңілісі Перизат Байқошқарова әлеуметтік желіде маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сөзінше, 30 жыл бұрын Эконы елімізге алғаш алып келген де, ұрығы жоқ науқастарға арнайы микроскопты алып келген де әпкесі Салтанат Байқошқарова. Ондай аппарат тек Экомед клиникасында ғана бар. Елдос Колобоктың жағдайында оның ұрығы мүлде жоқ еді, клиниканың ең озық, заманауи үлгідегі аппаратымен ота жасалған.
"Елдос "Колобок" балалы болады деп айтып жатыр ғой жұрттың бәрі. Мұндай отбасыларды ажырасудан сақтап, балалы бола алмай жүргенде көмектесіп жүрген, бірден бір еңбегі бар бұл менің әпкем - Салтанат Байқошқарова. Мұндай аппаратты іздеп, тауып, сол ғылымды өркендетіп жатқан, барлық дүниенің артында тұрған сол кісі.Соны біле жүріңіздер. Күнделікті бізде мұндай жағдай бірінші рет емес қой Елдос Колобок сияқты. Ұрығы жоқ ер адамдар көп бізде. 100 отбасы болса соның елуінде әйел адам, елуінде ер адам бедеу болып келеді. Сондықтан бұл Экомедте күнделікті жасалып жатқан операция", - деді ол.
Алайда Перизат Байқошқарованың бұл сөздері желі қолданушыларына жақпай қалды. Жұрт оның бұл әрекетін сынап тастады.
"Неге ренжіп айтып тұрсыз, алдымен Алланың қалауы және содан кейін экомед клиникасы. Ол кісіні әрине білетіндер бар. Клиниканы Таншолпанның өзі де нүкте қойып тұрып айтып отырғой", "Салтанаттың аты қосып аталмады деген реніш па?", "Мына кісінің сөз саптауы зілді екен, Салтанат Байқошқарова ханымды не істеп , не жасағанын бүкіл қазақ біледі", "Рахмет айтқаннан басқа не айтады. Тегін жасалмаған шығар . Сонша атын атап тегін айтып сонша ол азаматты ұрығы жоқ деп сөгуге болама", "Гиппократ Ант бергендері қайда бұлардын, атын атап,түсін түстеп тұр", "Сіз әпкеңіз Салтанатты айтып беделіңізді көтеремін деп абыройыңызды түсіріп тұрсыз", "Басқа кісілердің аты аталғанын кішкене көре алмай қалдыңыздар ма?", "Бұл кісінің реніші бар сияқты көрінді, сұхбат беріп бізді атамады бізге рахметін айтпады дегендей болып тұр ғой", - деп жазды оқырмандар.