09.07.2025, 13:00

Елімізде темекі бағасы тағы да қымбаттады

Фото: Pixabay

Жаңа бұйрыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңгеге дейін өседі.

Қазақстанда темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы 12,1% өсіп, 920 теңгеге жетті. Қаржы министрі Мәди Такиевтің бұйрығында бұл баға шілдеден бастап 31 желтоқсанға дейін күшінде болатыны айтылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министр бұған дейінгі, 2022 жылғы 22 ақпандағы №196 "Сүзгісі бар және сүзгісіз темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасын белгілеу туралы" бұйрыққа өзгерістер енгізді.

Жаңа бұйрыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі баға 970 теңгеге дейін өседі.

Тегтер: темекі баға