09.07.2025, 13:40

Алматы көшесінде ұлы мүгедек әкесін ұрып, жұртты шошытты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

Оқиға Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болғаны айтылады.

Алматыда мүгедек қартты ұлының соққыға жыққан сәті бейнежазбаға түсіп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлар жұрттың ашуын туғызды.

Оқиға Райымбек даңғылы мен Розыбакиев көшесінің қиылысында болғаны айтылады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам қарт әкесін бірнеше рет ұрып, балағаттаған.

Жанындағы адамдардың ескертуіне қарамастан, әрекетін тоқтатпаған.

Қала тұрғындары Алматы қалалық полиция департаментінен бұл жағдайға дереу құқықтық баға беріп, кінәліге шара қолдануды талап етуде.